Елімізде көмірқышқыл газынан улану салдарынан он бір адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көмірқышқыл газынан улану салдарынан он бір адам ауруханаға жатқызылды

Елімізде көмірқышқыл газынан улану салдарынан он бір адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде көмірқышқыл газынан улану салдарынан он бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Наурыз 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматыда жай үйде 20 наурыз күні 8 сағат 59 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 6 адам, соның ішінде 2 бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Шымкентте жай үйде 20 наурызда 12 сағат 10 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 5 адам, соның ішінде 3 бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті