Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам қайтыс болды

Қазіргі уақытта 398 адам ауыр жағдайда жатыр

  • 4 Сәуiр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 4 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 27 516 адам короновирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 398 адамның жағдайы ауыр;
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 64 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 2 сәуірдегі мәлімет бойынша 50 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған, 169 адам жазылып шыққан.


2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 50 815;

өлім жағдайлары – 700;

барлығы 48 779 адам сауығып шықты.

Соңғы жаңалықтар