Елімізде лаңкестік туралы алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы берілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде лаңкестік туралы алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы берілмек

Елімізде лаңкестік туралы алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы берілмек

Қазақстан үкіметі теракт жасалатыны туралы хабарлап, алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы бермек.

  • 17 Қараша 2016
  • 636
Фото - Caravan.kz

Ресми БАҚ-тың 17 қарашада хабарлауынша, 2017 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін қаулыда терактіні болдырмауға немесе алдын алуға көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамға 750 айлық есептік көрсеткіштен (бір АЕК — 2121 теңге) 1000 АЕК-ке дейін бір реттік сыйақы беру қарастырылған. Сыйақы терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган есебінен төленеді.

Теракті туралы ақпарат берген адам сыйақыдан бас тартса, ол туралы уәкілетті органның аймақтық органына ол туралы хабарлауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар