Елімізде педофилдер енді піштірілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде педофилдер енді піштірілуі мүмкін

Елімізде педофилдер енді піштірілуі мүмкін

Педофилдер енді піштірілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты бұл  жолы депутаттар емес, Бас прокуратураның өзі көтеріп отыр. Бірақ, хирургиялық жолмен бе, әлде химиялық па әзірге белгісіз.

  • 12 Маусым 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Соңғы айларда Алматы, Ақтау, Шымкент, Таразда педофилдер кішкентай ұл-қыздарды зорлап дүйім елдің жағасын ұстатқан. Бас прокуратура бостандықта әлі 150 педофилдің жүргенін айтып қорқытып отыр. Тіпті полиция мұндай азғындардың кім екенін, қайда жұмыс істейтінін біле тұра   оларды іздеумен айналысқысы келмейді. Оның үстіне жыл сайын түрмелерден жүздеген сотталушы бостандыққа шығып, сол педофилдердің қатарын толықтыруда. Сондықтан прокуратурадан біраз сын естіген Ішкі  Істер министрлігі абақтыдан шыққан азғындарды өмір бақи аңдып отыруды заңмен бекітуді ұсынып отыр. Ал жасөспірім ұл-қызға қырғидай тиетін қаскөйлерді хирургиялық немесе химиялық жолмен піштіру мәселесімен мамандар айналысуда.

Нұрмаханбет Исаев,
 Бас прокурордың орынбасары:

-Ішкі Істер, Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мемлекеттік мекемелер кастрация мәселесін жан-жақты қарау керек. Ұсыныс күтеміз.