Жарияланды: 530

Елімізде шетелдік мемлекеттердің лауазым иелерін парамен сатып алуға қылмыстық жауапкершілік жүктеу үрдісі енгізіледі - И.Рогов

Қазақстан заңдарына шетелдік мемлекеттердің лауазым иелерін парамен сатып алуға қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөнінде өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары Игорь Рогов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "БҰҰ-ның нұсқауларына сәйкес шетелдік мемлекеттердің лауазым иелерін парамен сатып алуға қылмыстық жауапкершілік жүктеу үрдісін енгізу туралы тапсырма берген". "Бүгінде біздің елде Қазақстандық лауазым иесіне, басқаша айтқанда отандық шенеунікке пара бергені үшін қазақстандық азаматтар мен шетелдіктер бірдей жауапкершілік жүктейді",- деді И.Рогов өз түсініктемесінде. "Ал шетелдік азаматқа пара бергендер жауапкершіліктен құтылып кетеді ",- деді ол. "Әйтсе де көптеген халықаралық конвенцияларға сәйкес мемлекеттер өз азаматтары кімді және оны қалай сатып алғанына қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күресуге тиіс. Ендігі жерде елімізде осындай жауапкершілік орнығатын болады ",- деді И.Рогов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть