Елімізде үш бірдей банкнота айналымнан шығатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үш бірдей банкнота айналымнан шығатын болды

Елімізде үш бірдей банкнота айналымнан шығатын болды

Күші жойылған купюралар! Елімізде үш бірдей банкнота айналымнан шығатын болды. Ескіріп қалған 2, 5 және 10 мыңдықтарды Ұлттық банк жаңа жылдан бастап халықтан жинап алмақ.   

  • 28 Қараша 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бірінші қаңтарда мына теңгелер құнды қағаздан құр қағазға айналады. Олар – 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған 2 және 5 мыңдық купюралар. Ескі теңгелер тізіміне, тіпті соңғылары небәрі үш жыл бұрын шығарылған 10 мыңдықтар да кіріп отыр. Яғни бұл ақшалардың жаңа жылдан бастап күші жойылады. Десе де, жарамсыз боп қалайын деп тұрған теңгелерді екінші деңгейлі банктер жыл бойы халықтан қабылдауға міндетті. Теңгелерді жаппай жаңартуды бастаған Ұлттық банк жаңадан шығарылуы тиіс жиырма мыңдық купюраның тағдыры жайлы әзірге жақ ашпай отыр. Тіпті айналымнан әне-міне алынатын теңгелердің орнына қандай ақша шығатынын да Данияр Ақышев әлі ашып айтқан жоқ.        

Соңғы жаңалықтар