Елімізде вирустық гепатитті емдеудің ең тиімді жолы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде вирустық гепатитті емдеудің ең тиімді жолы табылды

Елімізде вирустық гепатитті емдеудің ең тиімді жолы табылды

Жақында ғана Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жаңа препараттарды қолданысқа енгізу жөнінде шешім қабылдады.

  • 28 Шiлде 2016
  • 498
Фото - Caravan.kz

Шетелдік озық технологиямен өндірілген дәрі-дәрмектер қазір республикалық орталықтарға таратылуда. Халықаралық гепатитпен күрес күніне орай саланың сақа мамандары бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Бұған дейін гепатиттің ауыр түріне шалдыққан науқастар арасында өлім-жітім көп болған. «Енді жаңа емдік терапия арқылы хал үстінде жатқандарға үміт сыйлауға үлкен мүмкіндік бар», — дейді дәрігерлер. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде вирустық гепатитті жұқтырған 2 миллиардтан астам науқас бар. Ал Қазақстанда орта есеппен халықтың 8%-ы созылмалы B гепатитіне, сондай-ақ 3%-ы С гепатитіне шалдыққандар. 2011 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде 19 гепатологиялық орталық ашылған. Осы кесел меңдеген 35 мыңдай науқас тіркеуде тұр. Дәрігерлердің тиімді жұмысының арқасында соңғы жылдары 5 мың адам қауіпті кеселден құлан-таза айығып кетті.      

— Осыған дейін қолданылып келген емдеу жолы, атап айтқанда, эндорфероннан айырмашылығы – емдеу уақыты қысқарып отыр. Осы уақытқа дейін С гепатитін 6 айдан 12 ай емдейтін болсақ, қазір сол уақыт 3-6 айға дейін қысқарып отыр. Екіншіден, емдеу тиімділігі де біршама өсіп отыр, деді Ұлттық онкология және трансплантология орталығының гепатологы Қаһарман Есмембетов.