Елімізде ыстықтың беті әзірге қайта қоймайды
![]() |
Еліміздің синоптиктері осы аптаның аяңына дейінгі ауа райына болжам жасады. |
Республиканың басым бөлігіне жоғары қысым аймағы әсерін етуімен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі. Республиканың оңтүстігінде өте қатты ыстық ауа райы, күндіз термометр бағандары +40+45 градусқа дейін, солтүстік аймақтарда +27+33, кей жерлерде +35+38 градусқа дейін жоғарылауы болжанады.
Күндіз 25-29 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін