Елімізде жыл басынан бері дәрі-дәрмек 8% қымбаттаған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жыл басынан бері дәрі-дәрмек 8% қымбаттаған

Елімізде жыл басынан бері дәрі-дәрмек 8% қымбаттаған

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 млрд теңгеге жеткен, қалған препараттардың өндірісі 4,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы EnergyProm хабарлады.

  • 5 Қараша 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz


Бұл дәрі-дәрмектің барлығы еліміздің үш облысында өндірілген. Шымкент – 23,1 млрд теңгеге, Алматы облысы – 21,1млдр тегенің және Алматы қаласы 14,2 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Өндірістің жоғарылығына қарамастан еліміздегі дәрі-дәрмектің бағасы өсуін жалғастыруда. Осы жылдың қыркүйек айындағы баға өткен жылғыға қарағанда 8,2%, жоғарылаған. Соның ішінде, дәрумендер 11,4%, анальгетиктер — 10,6%, корвалол мен антибиотиктер — 9,3% қымбаттаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап балаларға тағайындалатын барлық дәрі-дәрмекті медсақтандыру есебінен тегін етпекші.