Еліміздегі әр жоғары оқу орнының өз миссиясы болуы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі әр жоғары оқу орнының өз миссиясы болуы керек

Еліміздегі әр жоғары оқу орнының өз миссиясы болуы керек

Еліміздегі 148 жоғары оқу орнының әрбірінің алдына қойған өз миссиясы болу керек.

  • 7 Шiлде 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Алматыда «Орталық Азиядағы жоғары білімді стратегиялық жоспарлау» атты семинар барысында «Темпус» ұлттық бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатова мәлім етті.

Оның пайымдауынша, сауатты стратегиялық жоспарлау мәселесі отандық ЖОО үшін өте маңызды. «Бұл тақырыптар ЖОО-ның қажеттіліктерін талдау қорытындылары бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен анықталды»,-дейді Ш. Тасболатова.

Үйлестірушінің мәлімдеуінше, бiрнеше құрама бөліктер мен компоненттерден тұратын стратегиялық жоспарлау міндетті түрде ереже бойынша орындауды қажет ететін өзіндік ерекшелікке ие. Ол ішкі және сыртқы орта сараптауынан бастау алады.

«Осы ЖОО-ның тапсырма берушiлерiне не қажет? Тұтынушы одан не күтеді? Содан ЖОО-ның миссиясы мен көрінісі айқындалады. Мәселен, бір ЖОО-ның басқалардан нақты қандай ерекшелігі бар екендігі анықталады. Бұл стратегия ЖОО-ның ұжымымен ғана жасалып қоймай, тапсырыс берушілердің, Құрылтай кеңесшілерімен біріге жасалуы керек», -деп атап өтті өз сөзінде бағдарлама үйлестірушісі.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде өтіп жатқан бұл шараны білім жөніндегі сыртқы атқарушы агенттіктердің сарапшылары өткізуде.

Соңғы жаңалықтар