Жарияланды: 20

Еліміздегі ірі кәсіпорындар рекордтық көлемде өнім өндірді

Еліміздегі ірі кәсіпорындар рекордтық көлемде өнім өндірді

Еліміздегі ірі кәсіпорындар рекордтық көлемде өнім өндірді.

2018 жылдың қаңтар-наурызында еліміздің ірі кәсіпорындары жалпы сомасы 7 трлн теңгеге өнім мен қызметтің рекордтық көлемін өндірді., деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Есепті кезеңде Қазақстанның ірі кәсіпорындары өнімдер мен қызметтер шығару көлемін 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,3 пайызға арттырды. Олар 5,6 трлн теңгеге өнімдер мен қызметтер өндірді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызындағы өндіріс көлемінің басым бөлігі тау-кен өндіру өнеркәсібіне (2,2 трлн теңге, барлық саладағы үлесі 31,7 пайыз), өңдеу өнеркәсібіне (1,3 трлн теңге, 19,3 пайыз) және көлік-логистика секторына (977,4 млрд теңге, 14 пайыз) тиесілі. Басты үштік сала өндірген тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі 4,5 трлн теңгені құрады.

Өндірілген өнімдер мен қызметтер өсімімен бірге ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өндірістің өзіндік  құны да 15,4 пайыз немесе 781,4 млрд теңгеге артты.

Толықтай алғанда, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысында ірі кәсіпорындардың кірісі 12,1 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ширек есе артық. Қазақстанның ірі бизнесінің жиынтық  жалпы кірісі осы жылдың қаңтар-наурызында 3,7 трлн теңгені құрады. Ол осыдан бір жыл бұрынғы тоқсандағы көрсеткіштен 23,9 пайызға немесе 3 трлн теңгеге көп.

Жалпы кіріс көлемі бойынша Атырау облысы көш басында келеді. Өңір кіріс көлемін 37,3 пайызға арттырып, 1,2 трлн теңгеге жеткізіп отыр. Мұндай жайт ең алдымен мұнай кен орындарының шоғырлануымен және өңірде мұнайды өндіру мен өңдеуге байланысты. Алматы мен Астана да көшбасшылар қатарында. Бұл өңірлердегі жалпы кіріс көлемі сәйкесінше 587,8 млрд теңгені  (өсім 17,7 пайыз) және 353,5 млрд теңгені (11,3 пайыз) құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть