Жарияланды: 430

Еліміздегі тауқыметтер мен міндеттерді үкімет тек БАҚ-тармен байланыста ғана шеше алады - ҚР ақпарат министрі

"Еліміздегі тауқыметтер мен міндеттерді үкімет тек БАҚ-тармен әріптестік байланыс орнату арқылы ғана шеше алады". Бүгін, 19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессінде сөз сөйлеген ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

С.Әбдірахмановтың айтуынша, еліміздегі барлық БАҚ-тарды бір жерде жинаған Қазақстан журналистерінің конгрессі - БАҚ маңызының арта түсу көрсеткіші, Қазақстанның ақпараттық қоғамдастық аясын кеңейту жолына ден қоюының дәлелі болмақ. "Қазақстандық БАҚ-тар халықтың сенім үдесінен шыға білу үшін бар күшін салды. Еліміздің журналистері азаматтық қоғам қалыптастыру ісінде ешқашан керенаулық танытқан емес",- деді С.Әбдірахманов. Ол өз сөзін былай деп сабақтады: "Журналистер өзінің сындарлы сөзімен еліміздегі оңды өзгерістерді қолдауы тиіс. Сынның әсері күшті болғанымен, тиімділігі төмен. Кейбір БАҚ-тар тіпті жаңа кеніштер мен жаңа жол тораптарының ашылуы турлы ақпаратты елеп-ескермейді. Ал қайсыбір журналистер отаншылдық сезімнен жұрдай".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін