Еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды

Еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды

Боранға байланысты еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 300
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы бойынша 12 қаңтардан бері «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар бүгін сағат 13.30 бастап «Алматы-Өскемен» жолының 558-615 шақырымында «Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында сағат 10.00 бастап «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов» аралығында да автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Мұнымен қоса сағат 11.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Семей-Новоалтайский-РФ шекарасы» жолының 2-113 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ бүгін сағат 12.30 бастап автокөліктің барлық түрлері үшін — «Өскемен-Семей» жолының 45-198 шақырымындағы «Таврия -Семей» аралығы;
— «Алматы-Өскемен» жолының 615-775 шақырымындағы «Алматы обл шекара-Аягөз» аралығы;

— «Таскескен-Бахты» жолының 0-187 шақырымындағы «Таскескен айналымы-Бахты» аралығында жол жабылды.

Ал сағат 14.30 бастап «Омбы-Майқапшағай» жолының 733-906 шақырымындағы «Семей қ.-с.Қалбатау» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұдан бөлек, сағат 16.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-191 шақырымындағы «Белоусовка а.-РФ шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

15 қаңтар сағат 17.00 бері «Өскемен-Зырян-Катон Қарағай» жолының 6-165 шақырымындағы «Степное а-Зырян қ.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Жамбыл облысы бойынша 15 қаңтар сағат 15.30 бастап «Алматы-Танкент-Термез» жолының 528-593 шақырымындағы «Айша бибі-Оңтүстік Қазақстан обл» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Қарағанды облысы өңіріндегі боран салдарынан бүгін сағат 12.30 бастап «Қызылорда-Павлодар» жолының 433-749 шақырымындағы «Жезқазған-Атасу» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысы бойынша бүгін сағат 18.45 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымындағы «Ақмола обл.шекарасы-Шідерті» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Сонымен қатар сағат 14.30 бастап «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» жолының 82-112 шақырымындағы «Шарбақты-РФ шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы өңірінде бүгін сағат 16.00 бастап «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-658 шақырымындағы «Жамбыл обл. -Жібек жолы а.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.