Еліміздің әділет министрлігі үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты - Балиева - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің әділет министрлігі үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты - Балиева

Еліміздің әділет министрлігі үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты - Балиева

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті үш Халыққа қызмет көрсету орталығының директорын қызметтен босатты. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын өрескел бұзғаны үшін ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті түрлі үш орталықтың директорын жұмыстан шығарды», — деді З. Балиева.

Оның айтуынша, Шымкент, Қарағанды мен Тараздағы орталықтардың басшылары жұмыстан шығарылған. «Сондай-ақ, Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бір филиалының басшысына қатаң сөгіс жарияланды», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым