Еліміздің батысында браконьерлер 34 киікті қырып салған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің батысында браконьерлер 34 киікті қырып салған

Еліміздің батысында браконьерлер 34 киікті қырып салған

[wpcode id="1694287"] Батыс Қазақстан облысында 34 бас киіктің өлексесі табылды. 30 желтоқсанда Жаңақала ауданының аумағында табылған 1

  • 5 Қаңтар 2017
  • 696
Фото - Caravan.kz


Батыс Қазақстан облысында 34 бас киіктің өлексесі табылды. 30 желтоқсанда Жаңақала ауданының аумағында табылған 14 киіктің тең жартысының мүйізі кесілген болып шықты, деп хабарлады 24.кз.

Күні кеше осыған ұқсас жағдай Бөкей ордасы ауданында да қайталанды. Із кесушілер қардың үстінде қанға бөгіп жатқан 20 киіктің денесін тапты. Аталған жағдайға байланысты әзірге облыстық ішкі істер департаменті қандай да бір түсінік берген жоқ. Бүгінде саны айтарлықтай кеміп кеткен жануараларға биылғы қыс оңай тимей тұр. Далалық аумақтарда мұздақ тұруы себепті тебіндей алмаған жануарлар облыстың оңтүстік аудандарына қарай ойысуға мәжбүр. Киіктердің көптеп ажал құшуына күйек кезеңінен кейінгі әлсіреуі де әсер етіп отыр. Ал браконерлерлік әрекетке тосқауыл қоюға техниканың жеткіліксіздігі қолбайлау. Әсіресе қарда жүретін арнайы техниканың болмауы көп іске кедергі дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев.

 

Соңғы жаңалықтар