Еліміздің білім ошақтарында түрмеде жазасын өтегендер бала оқытқан - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің білім ошақтарында түрмеде жазасын өтегендер бала оқытқан

Еліміздің білім ошақтарында түрмеде жазасын өтегендер бала оқытқан

Еліміздің мектептерінде түрмеде жазасын өтеп келгендер бала оқытқан. Бұрын кісі өлтіріп, есірткі бизнесімен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіпті. Осындай сорақылықты анықтаған Бас прокуратура жағасын ұстап отыр.

  • 7 Қараша 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл Қарағандыдағы N81 мектеп. Мұнда ұстаз емес, директордың өзі ертеректе жаңа туған сәбиін өлтіріп, 5 жылға сотталып келген. Ұзақ жылдар бойы жасырып келген былығы анықталған соң  білім ордасының басшысы  Дәметкен Қожамсейітованың қан қысымы көтеріліп, аяқ асты ауырып қалыпты.

Ал кеншілер қаласының тағы бір мектебінде директор орынбасары абақтыда отырып шыққан. Көпке үлгі болып жүрген азаматтың бұрын қыз зорлағанын білгенде әріптестері абдырап қалды. Сұмдық жәйт Елордада тіркелді. Мәселен, N 60 мектепте жеңгетайлықпен айналысып 2 жылға сотталған келіншек жұмыс істеген. Ал Астанадағы №3 гимназияда қыз зорлаған жігіт денешынықтырудан сабақ беріпті. Жалпы сотталушылар еліміздің 67 білім ошағында емін-еркін тайраңдап жүрген.  

Сәулебек  Жамкенұлы, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің баспасөз хатшысы:

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, кісі өлтірген, әйел зорлаған, есірткі сатумен, шегумен айналысқан, бұрын сотталған, сотталғаны жойылған 60 адамды мектепке орналастырған. Оның үштен бірі тікелей бала оқытуымен және бала тәрбиесімен айналысып жүргендігі анықталды.  

Ал мектептерде сотталғандардың бала оқытып жатқанын еліміздің бас ұстазы тілшілерден естіп таңқалды.

По данным генпрокуратуры 60 учителей имели судимость, как вы с этим будете бороться?

— Это вопрос области, всем вопросам занимается область.

Бір қызығы, түрмеде отырып келгенмұғалімдердің көбісі қалай екені белгісіз,  сотталмағаны туралы анықтама алған. Бұған прокурорлардың өзі таңқалды. Енді құзырлы орган бұл былықты анықтауға кіріспек. Сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды білім ошағына жұмысқа алған жауаптыларды жазалауға білек түріп отыр.