Жарияланды: 460

Еліміздің халықаралық резервтері 2004-жылдың ақпан айында 1,4%-ке өсіп 9232,5 млн. долларға жетті

Еліміздің халықаралық резервтері, тұтастай алғанда ақпанда Ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде (алдын-ала деректер бойынша 3687,2 млн. долл.) 1,4%-ке өсіп, 9232,5 млн. долларға жетті. Бұл туралы бүгін, 3-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

2004 жылғы ақпан айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда 2%-ке өсіп, 5541,5 млн. долларға жетті. Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатып алуы және ҚР қаржы министрлігінің есепшоттарына валюта аударылуы таза валюта қорларын 121,6 млн. долларға толықтыруға жағдай жасады. Әлемдік нарықтағы алтын бағасының 2,3%-ке арзандаруы салдарынан алтын түрінде сақталып отырған активтер 14,6 млн. долларға азайды. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы ақпанда ақша базасының 3,1%-ке ұлғайып, 307,8 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды. Сондай-ақ, Ә.Сәйденовтың хабарлауынша, 2004-жылғы ақпанда ашқа массасы өзгермей, 969,8 млрд. теңгені құрады. Банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің 8,6%-ке өсуі банк жүйесінің ҚР үкіметіне және экономиканың басқа да секторларына қоятын банк жүйесі талаптарының азаюы есебінен ішкі активтердің 7,2%-ке азаюымен өтелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін