2007 жылғы шілденің бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері өсті.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 1,6%-ға (немесе 365,6 млн. долл.) өсті.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу және үкіметтің шоттарына валютаның түсуі, Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялардың жүргізілгендігіне қарамастан және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюы валюта қорының ұлғаюына әкеп соқты.
Осылайша, таза валюта қорлары (ЕАВ) 323,0 млн. долларға, әлемдік нарықтағы бағасының 2,93 %-ға өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 42,6 млн. долларға артты.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 1,4%-ға, ЕАВ-дағы таза активтер 1,5 %-ға өсті, алтындағы активтер өзгерген жоқ.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2007 жылғы шілденің бірінші жартысында ақша базасының 1,5%-ға (немесе 24,3 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті