Еліміздің кинотеатрларында жаңа блокбастерлі мультфильмнің көрсетілімі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кинотеатрларында жаңа блокбастерлі мультфильмнің көрсетілімі басталды

Еліміздің кинотеатрларында жаңа блокбастерлі мультфильмнің көрсетілімі басталды

«Самолеты» - бұл бұған дейін мыңдаған көрерменнің жүрегін жаулаған «Тачки» шытырман оқиғасының қызықты жалғасы. Мультфильм әлсіз кішкентай ғана ұшақтың өжеттілігі жайлы. Ол өзгелердің кері тартпа әрекеттері мен келемеждеуіне қарамастан, қайтпас қайсарлығы арқасында жер шарын айналып өтеді. Теңдессіз туындыны ұсынып отырған «Дисней» мен «Сони» студияларының Қазақстандағы дистрибьюторы Меломан компаниясы екенін айта кетейік.

  • 30 Тамыз 2013
  • 350
Фото - Caravan.kz

Ол қарапайым ғана ауылдың ұшағы. Тракторлармен қатар жер жыртып, жүгері егіп жүреді. Бірақ, оның жүрегінде сақтаулы бір арман бар. Ол – жүзден жүйріктердің сайысына қатысу.    

Кішкентай Дасти ол арманына жетеді. Ойламаған жерден халықаралық ұшақтардың бәйгесіне ілігіп кетеді.

Кілең ұшқыр ұшақтар алғашында кеңестік техниканы менсінбейді де. Оған мұрын шүйіре қарайды. Маңына да жуытпайды. Тіпті, қорқытып, қанатын сындырмақ болады.

Жарыс талабы бойынша ұшақтар Мұзды мұхитты бағындырып, Гималай асып, Тынық мұхитының үстімен өтуі тиіс. Кішкентай ұшақты онда түрлі қауіп-қатерлер күтеді. Қарсыластары да қақтығысып, Дастиді қақаған қар аралас боран арасына қалдырып кетеді.


Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:

Біз бұл мультфильмді бірінші рет көрсетіп жатырмыз. Өте керемет, тамаша мультфильм. Біздің есік ашық, келіңіздер, көріңіздер.

Тау-тастардағы үрейлер әлсіз ұшақты үркіте қоймады. Қайта қанаты қатайып, Дасти сайыстағы күрделі кедергілерден құламай өтеді. Мультфильм отбасылық көрсетілімге арналған. Яғни, ондағы кездесетін түрлі оқиғалар үлкенге де, кішіге де өмірлік сабақ боларлықтай. «Меломан» компаниясы туындыны небәрі 3 апта көрсетеміз деп отыр. Сондықтан, қапы қалмаңыз, әуеге көтеріліп, қажыр-қайратыңызды сіз де байқап көріңіз.