Еліміздің қай өңірінде халық дұрыс тамақтанады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің қай өңірінде халық дұрыс тамақтанады?

Еліміздің қай өңірінде халық дұрыс тамақтанады?

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылы Қазақстан Республикасы халқы тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді бөлісті.

  • 21 Маусым 2018
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

Министрліктің мәліметінше, былтыр үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша тамақ депривациясының деңгейі немесе тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармақты және 3,6 пайыз құраған.

Тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі:

"2017 жылы халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы күніне орташа жан басына шаққанда 3192 ккал құрады, бұл өткен жылға қарағанда 217 ккалға көп. Ауылдық жердегі халықтың тұтынуы қалалық жерге қарағанда неғұрлым калориялы (құнарлы) екендігін атап өтуге болады", — дейді ведомство өкілдері.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы:

Мәліметке сәйкес, өңірлік тұтынуды қарастыра отырып, еліміздің барлық өңірінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі энергетикалық құндылықтарға ең төменгі қажеттіліктердің деңгейінен асып түскен. Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында, ал ең төменгі — Астана қаласында байқалған.

2017 жылы өңірлер бойынша халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы:


 
"Егер халық тұтынған тамақ өнімдерінің химиялық құрамын қарастыратын болсақ, онда ең жоғары үлес салмағы көмірсутегіне келеді. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы көп (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары", — дейді ҰЭМ өкілдері.
Халық тұтынған тамақ өнімдерінің тәуліктік рационындағы тағамдық заттардың құрамы:
 
Көрсеткіштер ADePT азық-түлік қауіпсіздігінің статистикалық модулінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) әдіснамасы бойынша есептелген.
 
Соңғы жаңалықтар