Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Екібастұздағы экологиялық ахуалмен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Екібастұздағы экологиялық ахуалмен танысты

Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Екібастұздағы экологиялық ахуалмен танысты

Павлодар. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов президенттің жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында Екібастұзда болып, қала жұртшылығымен жолығып, өңірдегі экологиялық ахуалмен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Наурыз 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Н. Ысқақов мемлекет басшысының халыққа орнаған өз жолдауында алға қойған басты мақсат-міндеттерді жан-жақты әңгімеледі.

Атап айтсақ, қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстанның бәсекелестік қабілетін ілгерілетудегі құжаттың айрықша маңызын атап өтті. Н.Ысқақовтың пайымдауынша, жолдау өнеркәсіптік мүмкіндіктерді дамыту мен халықтың әл-ауқатын көтеру жөніндегі біртұтас стратегиялық жүйелік бағдарды құрайды. «Жолдауда инновациялардың біртұтас топтамасы, жарқын әрі келешегі бар бастамалар қамтылған, олар Қазақстандықтардың арман-мұратын ақтау мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығаруға бағытталған», -деді министр.

Екібастұз тұрғындары мен қоршаған ортаны қорғау министрінің кездесуі барысында ашық-жарқын әңгіме өрбіді. Атап айтсақ, кеншілер Н.Ысқақов басқаратын мекеменің еліміздің отын-энергетикалық астанасындағы экологиялық мәселелерді шешуге қандай шара қолданып жатқанын сұрады.

Мамандардың айтуынша, кейінгі кездері Екібастұзда қоршаған орта ахуалы біршама нашарлады. Ал экологиялық алымдардың қалаға қайтарылуы небәрі 30% құрайды, бұл проблеманы шешу үшін кешенді шараларды іске асыруға жеткіліксіз. Сондай-ақ, судың сапасына қатысты да бірқатар мәселелер бар. Қала тұрғындарын базалық төлем ставкаларының әркелкі белгіленуі алаңдатады. Мәселен, өңірдегі барлық кәсіпорындарда бір тонна улы қалдыққа орта есеппен 582 теңге ставка белгіленген болса, айталық, көмір алыбы — «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС бір тоннасына небәрі 40 теңге төлейді. Екібастұздықтар экологиялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін өтемақы төлеуге қатысты мәселені де көтерді.

Өз кезегінде қоршаған ортаны қорғау министрі бұл мәселенің барлығы таяу уақыттарда талқыланып, тиісті шаралар қолданылады деп уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті