Еліміздің шетелдегі 56 млн доллар қаржысына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің шетелдегі 56 млн доллар қаржысына тосқауыл қойылды

Еліміздің шетелдегі 56 млн доллар қаржысына тосқауыл қойылды

Бүгінгі таңда шетелге заңсыз шығарылған 56 миллион доллар көлемінде қаржыға тосқауыл қойылған. Бұл туралы бүгін Прокуратураның 2016 жылд

  • 27 Қаңтар 2017
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда шетелге заңсыз шығарылған 56 миллион доллар көлемінде қаржыға тосқауыл қойылған. Бұл туралы бүгін Прокуратураның 2016 жылды қорытындылаған жиынында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Төртінші жоба шетелде жинақталған қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтару бойынша жұмыс алгоритмін түпкілікті жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл кез келген ел үшін аса өзекті. Келтірілген залал көлемі миллиардтаған доллармен есептеледі. Бізге БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Италия, Литва, Израиль, АҚШ, Ұлыбританияның сарапшылары көмектесуде», — дейді прокурордың орынбасары.

Андрей Кравченко осы бағытта атқарылған жұмысқа тоқталып өтті. Оның айтуынша, активтерге жедел тосқауыл қойып, елге қайтару бойынша 186 тергеуші мен прокурор арнайы оқытылған.


«Бүгінде шетелде Қазақстанның 56 млн доллар қаржысына тосқауыл қойылды», – деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар