Еліміздің солтүстік бөлігінде күн райы шұғыл бұзылады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің солтүстік бөлігінде күн райы шұғыл бұзылады деп күтілуде

Еліміздің солтүстік бөлігінде күн райы шұғыл бұзылады деп күтілуде

"Қазгидромет" РМК-ның болжамына сәйкес Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 13-қараша күні түнде ауаның температурасы күрт суытып, Цельс өлшемі бойынша 17-22 градус суықтықты көрсетеді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Ақмола облысында да ауаның температурасы Цельс өлшемі бойынша 12-17 градусқа дейін суытады, кей жерлерде тіпті 22 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын соғып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында түнде кей жерлерде қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жылдамдығы 18 м/секундтық солтүстік желі соғады.

Соңғы жаңалықтар