Елімізге ресми сапармен Болгария вице-премьері - сыртқы істер министрі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге ресми сапармен Болгария вице-премьері - сыртқы істер министрі келеді

Елімізге ресми сапармен Болгария вице-премьері - сыртқы істер министрі келеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3-қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанға 3-4 қыркүйекте ресми сапармен Болгария Республикасының вице-премьері - сыртқы істер министрі Ивайло Калфин келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 370
Фото - Caravan.kz



Е.Ашықбавевтың айтуынша, сапар барысында екі ел арасындағы құқықтық-шарт базасын кеңейту, қазақ-болгар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысын өткізу, Қазақстан мен Болгарияның өңірлері арасында, туризм саласында тікелей серіктестік байланыстар орнату, энергетика мен көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

«4 қыркүйекте осы сапар аясында қазақ-болгар іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылады»,- деді СІМ өкілі.