Елорда атауын өзгерту туралы шешім қашан қабылданады? - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда атауын өзгерту туралы шешім қашан қабылданады?

Елорда атауын өзгерту туралы шешім қашан қабылданады?

 

  • 15 Қыркүйек 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz


Елорда Мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту тәртібін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту туралы ұсынысты қоғамдық тыңдауларда қарады.

Хатшы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, елорда атауын өзгерту процедурасы бірнеше кезеңнен өтуі керек.

"Бүгін қоғамдық тыңдаулар өткізіп, оны мәслихат сессиясына ұсынып отырғанымыз – бүкіл процедурадан өтудің бір кезеңі. Отырыстардан, мәслихат шешімінен кейін республикалық ономастика комиссиясында отырыстар өтеді. Осыдан кейін құжаттар Үкіметке жолданады, Үкімет жарлық жобасын Президенттің қол қоюына ұсынады. Жарлық ресми жарияланғаннан кейін, егер жарлыққа қол қойылса, елорда атауын өзгерту туралы айтуға болады", — деді Қаналимов тыңдаулар барысында.

Соңғы жаңалықтар