Жарияланды: 370

Елорда автоәуесқойлары халықты Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге шақырды

Қазақстанның Студенттер альянсы мен елорда автоәуесқойлары Мемлекеттік рәміздерге деген өз құрметтерін паш етті.

Сенбі, 11 маусым күні олар көк байрақты желбіретіп, Астананың бас көшелерімен жүріп өтті. Тілендиев даңғылынан «Бәйтерек» монументіне дейін жүріп өткен автокеруен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деген жазуы бар, көк байрақ пен басқа да рәміздер бейнеленген стикерлермен безендірілді. Альянстың вице-жетекшісі Асқар Абдоллаевтың айтуынша, бұл автошерудің басты мақсаты - қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үндеу, рәміздерді «патриотизмнің және өз елімізді мақтан етудің маңызды құндылықтары ретінде» қарастыру. Мұндай шара осының алдында Қостанайда Патриоттар форумының аясында өткізілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін