Елорда автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады

Елорда автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады

Астанадағы автобустар таңғы 6-ға дейін жүреді. Бұл туралы көлік кешенін дамытуға арналған қоғамдық тыңдауда қала басшысы Әсет Исекешев мәлімдеді.

  • 12 Қаңтар 2017
  • 489
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, алдымен автобус жүргізушілері мәселесін шешу қажет. Қазір қала бойынша 1500 маман тапшы. Осы мақсатта биыл мамырда елорда автопаркі жаңа 380 қоғамдық көлікпен толығады. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, әлем мегаполистеріндегідей Астана автобустары таңға дейін жолаушы тасымалдайтын болады. Жиында айтылған тағы бір жаңалық. Оқушыларды тасымалдаудың маршруттік жүйесі түзіледі. Ол үшін 45 жаңа мектеп автобустарын алу көзделіп отыр.

— Оқушылар автобусы дегенді байқаған боларсыздар. Бірақ олар біздің талапқа сәйкес келмейді. Сондықтан ол автобустарды алып, жаңалап, сәйкес келтіру керек болып тұр. Ең бірінші кезекте бұрынғы ескі автобустарды ауыстырады. Және де оған қосымша оқушылар қарастырылатын болады, дейді «Astana LRT» ЖШС маманы Әбдіхамит Тамабаев.


Соңғы жаңалықтар