Жарияланды: 30

Елорда да мектеп атауын араб шейхінің құрметіне қойды

Елорда да мектеп атауын араб шейхінің құрметіне қойды Сурет - Stan.kz

Әлемдегі ең бай монархтардың бірі, араб шейхы Халифа бин Заид әл-Нахаянның құрметіне Қазақстанның астанасындағы мектепке атау берілді.

Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтанның 10 оқу орнына Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты саясат, әдебиет және этнография саласындағы қазақстандық қайраткерлердің есімдері берілді.

Сонымен қатар, елорданың екі оқу орнына араб шейхтерінің есімдері берілді. Атап айтсақ, № 84 мектеп-лицейіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян, № 85 мектеп-лицейіне шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің есімі берілді.

Халифа бен Заид әл-Нахаян - Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті, Абу-Даби әмірі. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, оның байлығы 18 миллиард долларға бағаланады. Шейх Қазақстанның екі мемлекеттік марапаттарының иегері: 1 дәрежелі Достық орденінің иегері, Бүркіт орденінің иегері.

Шейх Тамим бен Хамад әл-Тани  - 2013 жылдың 25 маусымынан бастап Катардың төртінші әмірі. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ол әлемдегі қазіргі монархтардың ең жасы. Сонымен қатар ол Қазақстанның мемлекеттік наградасының иегері - 1 дәрежелі «Достық» орденінің иегері.

Бұған дейін қала билігі жоғарыда аталған екі мектепті неге олардың құрметіне атау туралы шешім қабылданғанын түсіндірген болатын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін