«2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша — 3249 адамға, Есіл ауданы бойынша — 1722, Сарыарқа ауданы бойынша — 2580 адамға көбейді», — делінген хабарламада.
2014 жылғы қаңтар-ақпанда халықтың табиғи өсімі — 3182 адамды, көші-қон өсімі — 4369 адамды құрады.
Айта кетейік, 2014 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы Астана қаласында 3737 сәби туылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,9%-ға көтерілді және 3182 адамды құрады. Осы аралықта қалада 555 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 10%-ға аз.
«Қаңтар-ақпанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 24 жағдайы тіркелді, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 27 болған. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 6,42 (2013 жылғы қаңтар-ақпанда — 7,75) құрады»,- деп хабарлады ведомстводан.
Халық өлімінің басым себептері арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары — 37%, өскіндер — 21,4% жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану — 11,7% алады.