Жарияланды: 20

Елордада 12 мектепке ұлт зиялыларының есімі берілді

Елордада 12 мектепке ұлт зиялыларының есімі берілді

Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектепке Алаш зиялыларының есімі берілді. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды

Құжат 2020 жылдың 6 ақпанында жарияланған екен. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 10 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 48 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 52 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 56 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 57 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 58 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 68 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 76 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 80 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;

10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 84 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;

11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 85 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;

12) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілсін.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін