Елордада бір күнде мыңнан аса ағаш отырғызылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада бір күнде мыңнан аса ағаш отырғызылады

Елордада бір күнде мыңнан аса ағаш отырғызылады

Астанада 19 сәуірде болатын жалпы қалалық сенбілікке дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бір Алматы ауданының өзінде мыңнан астам тал егіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz


«Бүгінде тал егіп, көшет отырғызуға арналған орындар белгіленіп, қазба жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қорыта айтқанда Алматы ауданында 1 146 тал егіледі. Қалдаяқов көшесінде 227 тал, №46 көшеде — 319 тал, оң жағалауда Есіл бойында — 500 тал, Теміржол кентінде — 100 тал», — делінген хабарламада.

Есіл бойынан коттедждер қалашығына дейінгі, сонымен қатар Қоянды көлі маңына ерекше назар аударылады. Сол маңда орналасқан барлық кәсіпорындар мен мекемелер тазалық жұмыстарымен айналысады.