Жарияланды: 20

Елордада электр энергиясын өшіру ісі бойынша іс қозғалды

Елордада электр энергиясын өшіру ісі бойынша іс қозғалды

 

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Нұр-Сұлтандағы электр жарығын өшіру дерегі бойынша басталған қылмыстық іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні "Сол жағалау" шағын станциясында апат болып, бес мемлекеттік нысан мен тұрғын үй кешендері электр энергиясын беруден ажыратылды. ТЖК, әкімдік және апатты жағдайда әрекет ету қызметтерінің жедел шаралары кезінде ақаулар жойылды.

Апаттан кейін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы ("Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу Астана полициясы департаментінің жедел-тергеу тобына тапсырылды, тергеу барысын ішкі істер министрі бақылауға алды", - деді департамент басшысы. 

Санжар Әділов тергеудің енді басталғанын айтты, мамандар мен тергеушілер апат орнын тексеріп, оның себептерін анықтауға кіріскен. 

"Сотқа дейінгі тергеу мерзімі екі ай, біз барлық тергеу әрекеттерін жүргізіп, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешуіміз керек", - деді ол.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін