Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, күдікті 2006 жылы Ресей азаматын телефон арқылы өлтіремін деп қорқытып, ірі көлемдегі ақшасын қолды еткен.
Бұл дерек бойынша Омбы облысы ІІД РФ ҚК 330-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап ер адам мемлекетаралық іздеуде болды.
Елорда көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін астана аумағында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Полицейлер шетел азаматтары жүруі ықтимал жерлерді, құрылыс нысандарын тексерді.
Іс-шара барысында 150 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматы ұсталды, — делінген хабарламада.