Елордада орташа зейнетақы мөлшері қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Елордада орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Қазіргі уақытта Астанада орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңгені құрайды.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

2014 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы мөлшері барлық санаттағы зейнеткерлер (соның ішінде күш құрылымдарының зейнеткерлері) үшін 9 пайызға ұлғайды. Ведомствоның хабарлауынша, «2014-2016 жж. республикалық бюджет туралы» ҚР заңына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 852 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері (2014 жылы тағайындалатындарға) 20 782 теңге, орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңге, зейнетақының ең көп мөлшері 54 171 теңге, ал базалық зейнетақы төлемдері 9 983 теңге болады.

«Қазақстан бойынша 5 922 421 іс бойынша зейнетақы мөлшері арттырылды, соның ішінде 145 336 іс күш құрылымдарына тиесілі»,- делінген Басқарма хабарламасында.