Елордада пікірсайыс маусымы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада пікірсайыс маусымы ашылды

Елордада пікірсайыс маусымы ашылды

2022 жылғы 12 қазанда Астанада алғаш рет пікірсайыс маусымының ашылу салтанаты өтті.

  • 13 Қазан 2022
  • 40
Фото - Caravan.kz

Елбасы академиясы ұйымдастырған тұңғыш Маусымашар салтанатты кешіне 300-ден аса белсенді пікірсайысшылар мен мектеп оқушылары, сондай-ақ осы қозғалыстың түлектері қатысты.

Салтанатты рәсімде ЕҰУ, Назарбаев университеті, ҚазГЗУ, ҚазАТУ жанындағы пікірсайыс клубтары пікірсайысқа енді ғана қосылған мектеп оқушылары мен студенттерге өз жұмыстарын таныстырды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Сондай-ақ шараға Ұлттық пікірсайыс федерациясы, «Астана Пікірсайысшылар Ассоциациясы» және «Debate Community of Astana» сынды пікірсайыс бірлестіктері белсенді қатысты.

Маусымашар бағдарламасы таныстырылым мен фотосессиядан өзге, тәжірибелі пікірсайысшылардан көрсетілім ойын, танымал пікірсайыс қозғалысындағы азаматтардан танымдық ақпараттар мен түрлі зияткерлік конкурстарды қамтыды. Салтанатты шараның бейресми бөлігін қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәди Қадыров пен Маченский кеш жалғастырды.

Шара барысында «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының Басқарушы директоры Жұманбай Мұрат,

  • «Қазақстандағы пікірсайыс тарихы ширек ғасырды құрайды. Осы уақыт ішінде дебат қозғалысы қоғам өмірінің түрлі саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқан, тіпті халықаралық деңгейде елімізді танытып жүрген пікірсайысшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Тіпті, ағарту ісі және жоғарғы білім беруге жауапты екі министріміз Асхат Аймағамбетов пен Саясат Нұрбек те осы қозғалыстың түлектері. Біз алдағы тұста барлық пікірсайыс клубтарымен, осы қозғалыстың жанашырларымен бірге пікірсайыс қозғалысы әлеуетін дамытуға ниеттіміз. Бүгінгі маусымашар соның алғашқы қадамы».

Сондай-ақ, ол Елбасы Академиясының жыл сайын студенттер мен оқушылар үшін ұлттық деңгейдегі гранд турнирлер өткізетінін және түрлі пікірсайыс клубтары мен ұйымдары өткізетін халықаралық турнирлердің демеушісі екенін еске салды.

Жиын барысында Ұлттық пікірсайыс Федерациясының Президенті Бұхарбай Болат, Елбасы Академиясының пікірсайысшыларды қолдау бастамаларына алғыс білдіріп, алдағы тұста Академиямен бірлесе атқаратын шаралары жөнінде ой бөлісті.

Еске сала кетеміз, Академия алғаш болып мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс қозғалысын дамыту Хартиясын жариялаған болатын. Қазір бұл Хартияны 11 республикалық ұйым, 50-ге жуық пікірсайыс клубтары, сондай-ақ бір мыңға жуық пікірсайысшылар қолдады.

Хартияны қолдау https://jastary.kz/jas_ligasy/debate сайтында жалғасып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар