«Бұл көрмеге әлемнің 12 елінен, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Латвия, Литва, Корей, Германия, Италия мен Қытайдан 70-тен астам компания қатысады. Айта кетейік, қытай өндірушілерінен 11 үздік шай компаниясы біздің шараға алғаш рет қатысып отыр», — деді көрме басшысы Евгений Гусак.
Оның айтуынша, аталмыш көрменің ерекшелігі — азық-түліктер мен сусындардың дәмін татып көруге мүмкіндік беретін «Сапа дәстүрі» кәсіби байқауының өткізілуі. Оған өз өнімдерінің 74 түрін ұсынған 18 компания қатысуда.
Байқау жеңімпаздарының тізімі www.interfoodastana.kz сайтында жарияланып, олар өз өнімдерінің заттаңбасына марапатталған медаль логотипін орналастыру құқына ие болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл көрме 18 сәуірге дейін жалғасады.