Жарияланды: 50

Елордалық оқушы бірнеше шетелдің университетіне оқуға қабылданды

Елордалық оқушы бірнеше шетелдің университетіне оқуға қабылданды

 

Астанадағы Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің оқушысы Германия, Қытай, Кипр, Катардың ЖОО-ларына оқуға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

 Нұрәлі Сарбақыш «Зерде» мектебінің 11(ә) сыныбының оқушысы. 7 сыныпта осы мектепке тест тапсыру арқылы конкурстан өтіп қабылданған. Оқушы қалалық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындардан көрінген. Нұрәлінің физика саласына құштарлығы жоғары екенін осы мектептің физика пәнінің мұғалімі Хатаб Қамбар байқаған. Ұстазы шәкіртіне физика саласының сан қырын қарапайым тілмен түсіндіре отырып, оқушының ғылымға деген құштарлығын, ынтасын оятқан. Қазіргі күнде Нұрәлі шетелдің алты жоғары оқу орнына өтініш беріп, төртеуінен «оқуға қабылдандың» деген жағымды жаңалық алып отыр. Атап айтар болсақ ол Германия (European University of Lefke), Қытай (University of Science and Technology of Shanghai Jiao Tong), Кипр (Beijing Institute of Technology), Катардың (Carnegie Mellon University) ЖОО-ларының жолдамасын иеленген. Енді тек алдында таңдау тұр. Ең қиыны да сол болмақ. «Мен қазіргі кезде Финляндия елінің университетінен, сосын Назарбаев Университетінің жауабын күтіп отырмын. Ал АҚШ-тың ЖОО-на берген өтінішім қанағаттандырылмады. Оған қатты өкініш білдіріп отырғаным жоқ. Негізі өзім ішімнен шешім де қабылдап қойдым, осы елдердің ішінен Германияны таңдап отырмын», - деді Нұрәлі Сарбақыш.

Оқи отырыңыз:

Ғашығымның атын жамбасыма жаздырамын - Айжан Байзақова
Эфирге 1 сағат қалғанда келмей қойған Нұрболат Абдуллиннің "жұлдыз ауруына" шалдыққанын айтты
Қазақша сөйлегені үшін орыс спортшысынан таяқ жеген қазақ қызы сотта жеңіп шықты

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть