Елордасының 10 жылдығын тойлауға арналған мемлекеттік шығындар ең жоғары деңгейде қысқартылуға тиіс - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордасының 10 жылдығын тойлауға арналған мемлекеттік шығындар ең жоғары деңгейде қысқартылуға тиіс - президент

Елордасының 10 жылдығын тойлауға арналған мемлекеттік шығындар ең жоғары деңгейде қысқартылуға тиіс - президент

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елордасының 10 жылдығын тойлауға арналған мемлекеттік шығындар ең жоғары деңгейде қысқартылуға тиіс. Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен кеңесте президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 836
Фото - Caravan.kz

«Елордасының 10 жылдығын тойлау тек қала үшін ғана емес, барша азаматтар мен ел басшылығы үшін үлкен сын болмақ. Түрлі мерекелік шараларға бөлінетін мемлекеттік шығындарды мейлінше қысқартуға талпыну керек, еліміздегі кәсіпкерлер мен ұлттық компанияларды түрлі шараларды өткізуге тарту керек», -деді Елбасы.

Президенттің пайымдауынша, «жауапкершілікті осы қалаақша табуға мүмкіндік беріп отырған кәсіпкерлерге бөліп беру керек. Олар туған қаласының тойының ауыртпалығын бөлісетін болсын», -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті