Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсаймыз?  - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсаймыз? 

Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсаймыз? 

Елтаңбаны өзгерту не үшін керек? Атырауда өткен үшінші құрылтайда мемлекет басшысы Елтаңбаға қатысты өз ойын жеткізді. Егер ауыстыр

  • 28 Наурыз
  • 23
Фото: ашық дереккөз

Елтаңбаны өзгерту не үшін керек?

Атырауда өткен үшінші құрылтайда мемлекет басшысы Елтаңбаға қатысты өз ойын жеткізді.

Егер ауыстыру туралы түбегейлі шешім шықса, қанша қаражат шығындаймыз? Журналистер осы мәселені өзінше зерттеп көрді,-деп жазады ProTenge.

«Гугл» арқылы мемлекеттік сатып алуға Елтаңба деп жазсаңыз, соңғы жеті жылда сатып алу туралы 12 000-нан астам хабарландыру шығады. Сонда оны шотқа салғанда қанша тұрады? Аудандық әкімдікке  немесе министрлікке бір Елтаңба 40-50 мың теңгеге түседі. 

Ал көлемі үлкенірегі (мысалы көшеге арналғаны) 2 млн теңгеге дейін барады. Ал енді есептей беріңіз, елімізде қаншама мемлекеттік мекеме бар? 

Мемлекеттік сатып алу ісі бойынша зерттеу жүргізген журналистер бір министрлікке Елтаңбаны ауыстыру 40 млн теңгеге түсетінін анықтады. Аймақтар мен қала деңгейінде бір мекеме 10 млн теңге шығындайтын көрінеді. 

Ал аудан көлемінде бірнеше миллиондар кетеді, мысалы, Сарыағаш аудандық білім басқармасы Елтаңбаны сатып алуға 6,4 млн теңге жұмсаған.  

ProTenge-нің жазуына қарағанда, Статбюро мәліметтері бойынша елімізде қазір 188 аудан бар.  

Демек, әрбір аудандық білім бөліміне Елтаңба сатып алуға бюджеттің 376 млн теңгесі кетеді деген сөз. 

Ал мұндай шығынды жергілікті бюджет көтере ала ма? 

Соңғы жаңалықтар