Ен далада адасқан ресейліктер құтқарылды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ен далада адасқан ресейліктер құтқарылды - ШҚО

Ен далада адасқан ресейліктер құтқарылды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ТЖБ қызметкерлері ен далада адасқан Ресей азаматтарына көмектесті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен. 

  • 9 Сәуiр 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz


Ресейліктердің келеңсіз оқиғаға  тап болғанын құтқарушыларға Хантымансийск қаласындағы әріптестері хабарлапты. Ер адамдар, солардан көмек сұраған.

Іздеу жұмыстары 8 сәуірде басталған. Ер адамдар шамамен бір тәулік бойы дала кезіп жүрген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ТЖБ кешкі сағат сегіздер шамасында Аягөз қаласынан 85 шақырым жерде көлікті тапты. Жоғалған ресейліктің бірі сонда отырған. Ал Аягөз қаласынан 40-45 км жерде, Жырғалы стансасынан екінші азамат табылды. Екеуінің де жағдайы жаман емес.