Енді төленбеген қарызы барлар шетелге шыға алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді төленбеген қарызы барлар шетелге шыға алмайды

Енді төленбеген қарызы барлар шетелге шыға алмайды

Құзырлы органдар осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеп жатыр.

  • 29 Қараша
  • 7
Фото: caravan.kz

Яғни 40 АЕК немесе 147 мың теңгеден, 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілдері қатысқан жиында осы мәселені талқылады. 

Бұған елімізде емдеуге болатын ауру түрлерін шетелде емдеткісі келетіндердің көбеюі себеп болған. Яғни қазақстандықтар шетелге емделуге шықтық деп жалған ақпарат беру фактілері көбейген. Бұған Қазақстанда емдеуге арналған тиісті технологиялар мен жабдықтар тізбесінің жоқтығы ықпал етіп отыр. 

Алайда талдау нәтижелеріне сай, биыл 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісі санкция беруден бас тартылған. Рұқсат беруден бас тартуға шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауы себеп. Сонымен қатар өз елінде емделу мүмкіндігінің болуына байланысты. 

Деректерге сүйенсек, көбіне қарызы бар қазақстандықтар шетелге шығу үшін елімізде сәтті емделетін (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) ауруларын сылтау еткен. 

Сот орындаушылары заңда көзделмеген негіздер бойынша (қызметтік іссапарлар, жарыстарға қатысу, жақын туыстарын жерлеу және т.б.) жол жүруге уақытша шектеулерді тоқтату туралы қаулылар шығару жағдайларына жол берген.