"Ең көбі — 56 мың теңге": Ринат Зайытов өзінің нақты қанша жалақы алатынын білмейтін болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ең көбі — 56 мың теңге":  Ринат Зайытов өзінің нақты қанша жалақы алатынын білмейтін болып шықты

"Ең көбі — 56 мың теңге": Ринат Зайытов өзінің нақты қанша жалақы алатынын білмейтін болып шықты

Жақында Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрына директор болып тағайындалған Ринат Зайытов әзіре өзінің нақты қанша жалақы алатынын білмейтін болып шықты. Дегенмен ол қарамағындағы адамдардың қаржы мәселесін ашық айтты.

  • 15 Ақпан 2021
  • 253
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

— Айлығыңызды білмейсіз.

— Айлығым шамамен енді екі жүз мың теңге. Өтірік айтпаймын.

— Бюджеті қанша?

— Бір 17-18 млн теңге болуы мүмкін.

— Енді қараңыз. Бірінші еден жуушылармен барып сөйлестім. Солардың айлығын білемін нақты. Ең көбі — 56 мың теңге. Ойлаңызшы — 56 мың теңге. 56 мың теңгеге адам жұмыс істей ме? 56 мың теңгеге адам 11,5 мың шаршы метр жуа ма?

— Қазақстанда жұмыс істейді.


— Көрдің бе? Менің жұмыс істеп отырғаным орталығымда осындай айлық. Ол жерде ең жоғары айлық менікі болса — әрі кетсе 200 мың шығар. Ол жерде әншің бар, әртісің бар, басқасы бар. Ешқайсысының айлығы 100 мың теңгеден аспайды, — деді Зайтов сұхбат барысында..

Соңғы жаңалықтар