Еңбек министрлігі орташа зейнетақы сомасын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек министрлігі орташа зейнетақы сомасын атады

Еңбек министрлігі орташа зейнетақы сомасын атады

Қазақстанда зейнеткерлерге жыл басынан бері 704,9 миллиард теңге төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  • 18 Сәуiр 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2 миллион 245,6 мыңнан астам зейнеткер бар, деп хабарлайды  caravan.kz медиа порталы Sputnir.kz-ке сілтеме жасап.

"1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге бөлінді", — делінген ақпаратта.

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 344 теңгені құрады.


Айта кетері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескеріп, әр алушыға жеке тағайындалады

Соңғы жаңалықтар