Еңбек өтілі 30 жылдан асқан зейнеткерлерге қатысты әділдік орнатылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек өтілі 30 жылдан асқан зейнеткерлерге қатысты әділдік орнатылмақ

Еңбек өтілі 30 жылдан асқан зейнеткерлерге қатысты әділдік орнатылмақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова алдағы уақытта зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 7 Тамыз 2017
  • 549
Фото - Caravan.kz

«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрап, 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша базалық зейнетақы алушылар саны 2 116 609 адамды, ынтымақты зейнетақыны алушылар қатары 2 099 638 адамды межеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда»,-деді ол.

Қазіргі таңда базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен азаматтарға еңбек өтілі мен зейнетақы жүйелерін қалыптастыру шарасына қатысқан-қатыспағандығына қарамастан бірдей көлемде беріледі.

«Келесі жылдан бастап, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай берілмек. Осы орайда 1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда»,-деп түсіндірді Жақыпова.

Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнату мақсатында жасалмақ. Министрліктің мәліметіне қарағанда, 1998 жылға дейінгі 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға немесе 1998 жылдан кейінгі өтілін ескере отырып, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 12 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 24 мың теңгеден астам болады.


Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 шілдесінен 2,1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды. Сонымен қатар, қазіргі кезде, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетке ерте шығу шаралары қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар