ЕО мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі Орталық Азия аймағының босқындарын қорғау және пана беру жүйесін нығайту жөнінде жобасын жүзеге асыруды аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі Орталық Азия аймағының  босқындарын қорғау және пана беру жүйесін нығайту жөнінде жобасын жүзеге асыруды аяқтады

ЕО мен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі Орталық Азия аймағының босқындарын қорғау және пана беру жүйесін нығайту жөнінде жобасын жүзеге асыруды аяқтады

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ (ЕО) пен БҰҰ босқындар істері жөніндегі агенттігі Орталық Азияның босқындарын қорғау және пана беру жүйесін нығайту жөнінде жобасын жүзеге асыруды аяқтады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында осы құрылымдардың өкілдері хабарлады.

  • 28 Наурыз 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Біздің жоба аймақтағы үкіметтерге пана беру саласындағы қызмет пен заңнамаларды жетілдіруге, оларды халықаралық талаптарға жақындатуға көмегін тигізді «, — деп атап өтті БҰҰ босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы өкілдігінің басшысы Сезар Дюбон.

Оның сөздері бойынша Орталық Азияда халықтардың мекен ауыстырулары мен көшу көрсеткіштері жоғары.

Бюджет көлемі 1 млн 154 мың еуроны құрайтын бұл жоба «Орталық Азия мемлекеттеріне миграция саясатында босқындарды тиімді қорғау механизмдерін құруға қолдау көрсетті. Негізгі мақсатқа сондай-ақ босқындармен жұмыс істеу механизмдерін жүзеге асыру кезінде адам құқығын сақтау болды «.

«Жұмыстың негізіне төрт басты құрамдас бөлік кіреді: тиісті мемлекеттік органдарының мүмкіндігін дамыту, қоғамның ақпараттық деңгейін көтеру, азаматтық қоғамды тарту және аймақтық ынтымақтастық және тәжірибемен алмасу», — деп атап өтті Сезар Дюбон.

Сондай-ақ атап өтілгеніндей, түрікмен-өзбек шекарасына жақын жерде және Бішкекте босқындарды қабылдайтын екі орталық ашылды.

«Орталықтарда олар уақытша баспана тауып, тиісті ақпарат және заңгерлік кеңес алатын болады. Аймақта әсіресе шекара территорияларында құқықтық желісі кеңейтіліп, соның арқасында Орталық Азияның жүздеген босқындары тегін ақпарат пен заңгерлік кеңестер алуға мүмкіндік алды», — деп түсіндірді БҰҰ өкілі.

Жоба қорытындысы аймақтағы 30 ел өкілінің қатысуымен Астанада 19 наурызда өткен аймақтық конференциясында жасалды.

«Бұл саладағы үдеушілікті атап өтіп, қатысушылар бұл бағытта пана жүйесінің қалыптасуына қолдау көрсетуді жалғастырудың маңыздылығымен келісті», — деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті