ЕҚШҰ мүше -мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар (ЕЗАҚКК ) басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында "Арна" кешенді операциясына тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру мәселесі талқыланады -ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚШҰ мүше -мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар (ЕЗАҚКК ) басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында "Арна" кешенді операциясына тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру мәселесі талқыланады -ҚР ІІМ

ЕҚШҰ мүше -мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар (ЕЗАҚКК ) басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында "Арна" кешенді операциясына тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру мәселесі талқыланады -ҚР ІІМ

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар (ЕЗАҚКОК ) басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында "Арна" кешенді шұғыл алдын- алу операциясына аймақтық тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру жөнінде мәселесі талқыланады. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің таратқан баспасөз хатында айтылған.

  • 27 Наурыз 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Астанада өтетін отырыста «Арна-2007 » шұғыл алдын алу кешенді операциясының қорытындысы қарастырылып, бұл операцияға тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру мәселесі шешіледі», -деп айтылған баспасөз хатында.

ҚР ІІМ еске салғанындай, «ЕЗАҚКК» кеңес үкіметі кеңістігі елдеріндегі ірі көлемді есірткі агрессиясына қарсы жауап ретінде құрылған «. «Құрылған кеңестің басты бағыттарының бірі ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Ауғанстан төңірегіндегі қауіпсіздікті сақтап, есірткіге қарсы күресті бірлесіп жүргізу. Ауған есірткісінің контрабандасына қарсы тиімді күрестердің бірі тұрақты түрде халықаралық «Арна» шұғыл алдын алу операциясы», — делінген құжатта.

Комитет мәліметтері бойынша былтыр ҰҚШҰ мүше мемлекеттерден басқа (Армении, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан және Өзбекстан) «Арна» операциясына Әзербайжан, Иран, ҚХР, Латвия, Литва, Монғолия, Пәкістан, Польша, АҚШ, Украина, Финляндия және Эстонияның құзырлы органдарының өкілдері қатысты. » «Арна» операциясына бірінші рет Ауғанстан мен Түркменстанның құқық қорғау органдары қатысты, -дейді комитет қызметкерлері.

Баспасөз хатында айтылғанындай, бүгінгі отырыстың қатысушылары есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоятын құзіретті орган басшыларының Үйлестіру кеңесінің есірткі, психотроптық заттармен оның прекурсорларының бірыңғай тізімін және биылғы жылы ақпаратпен алмасу бойынша жасалатын жоспар жұмысын бекітіп, шұғыл іздестіру қызметі бойынша мамандарды оқытып алмасу жөнінде мәселелерді шешетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті