Ер адам 8-ші қабаттан құлаған қызды қағып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам 8-ші қабаттан құлаған қызды қағып алды

Ер адам 8-ші қабаттан құлаған қызды қағып алды

Ресейде Екатеринбор қаласының тұрғыны 8-ші қабаттан құлаған төрт жасар қызды қағып алды.

  • 5 Тамыз 2016
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бала бас сүйек жарақаты және иық сынығымен ауруханаға жеткізілді, деп РИА Новости агенттігіне Ресей Федерациясы Свердлов облысы бойынша ІІМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Валерий Горелых хабарлады.

Оқиға 4 тамызда кешке орын алды. Жергілікті тұрғын балабақшадан қызын алып кетіп, үйіне әкелді. Оған тамағын беріп, ұялы телефон ұстатып, барлық есіктер мен терезелерді жауып жұмысына кеткен.

Полицияда атап өткендей, қыз анасына бармақ болған. Үйден шығу үшін ол терезеге мініп, құлаған. Осы сәтте аулада итімен серуендеп жүрген ер адам қызды көріп қалған.

«Алдын ала болжам бойынша, қыздың оң жақтағы иық сүйегі (жабық) сынған, бас сүйек жарақатын алды. Оны ауруханаға жеткізді», — деді Горелых.


Полицияда хабарлағандай, кішкентай қызды қағып алған 40 жастағы ер адамның қолы сынған.

 

Соңғы жаңалықтар