Жарияланды: 360

Ер адам метрода жолаушы әйелді пойыздың астына итеріп жіберді

Ер адам метрода жолаушы әйелді пойыздың астына итеріп жіберді

Метродағы жантүршігерлік жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Сан-Паулуда метрода жолаушылардың бірі әйелді келе жатқан пойыздың астына итеріп жіберді, деп хабарлайды Sputnik.

Сан-Паулудағы метрополитенде жолаушылардың бірі әйелді пойыз астына итеріп жіберді. Аппақ киім киген ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның пойыздың жақындағанын әдейі күткені көрініп тұр. Жәбірленуші аман қалды, тек сол қолы сынып, жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды life.ru. 

Полицияның мәліметінше, ер адамның психикалық ауытқушылығы бар, сондықтан ол пойыз күтіп тұрған кез келген адамды итеріп жіберуі мүмкін еді. Қазір күдікті тұтқындалып, жауап алынуда. 

Метро қызметкерлері бірден электр энергиясын сөндіріп, жәбірленушіні алып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть