«Ер адамдардың денсаулығына қабір қазуда»: Мұхамеджан Тазабек қыз-келіншектерге кінә тақты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ер адамдардың денсаулығына қабір қазуда»: Мұхамеджан Тазабек қыз-келіншектерге кінә тақты

«Ер адамдардың денсаулығына қабір қазуда»: Мұхамеджан Тазабек қыз-келіншектерге кінә тақты

Қыз-келіншектердің жалаңаштануы ер адамдарға зиянын тигізіп ғана қоймай, сондай-ақ, ұрпақсыз қалдыруы мүмкін.

  • 31 Шiлде 2019
  • 43
Фото - Caravan.kz

Айтыскер ақынның айтуынша, жалаңаш қызды көргенде ер адамның ойы бұзылады. Сол кезде өзін қанағаттандырмағанының кесірінен түбінде ол еркек онкологиялық ауруға шалдығады екен. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзінің желідегі парақшасында бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды). Орта есеппен, ер адам «жалаңаш денелерді» күніне 100-200 рет көреді. Ойы бұзылған оның құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.

Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да қабір қазуда. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық», – деп жазды ол желі парақшасында.