Ердоған Обамамен Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған Обамамен Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Ердоған Обамамен Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік оппозициялық қайраткері Фетхуллах Гүленді қайтару мәселесін АҚШ президенті Барак Обамамен «Үлкен жиырмалық» саммитінде талқылауды көздеп отыр. Саммит 4 қыркүйекте Қытайда өтеді.

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, деп жазады 365info.  Вашингтон бұл мәлімдемеге әзірге жауап берген жоқ.

24 тамызда Анкараға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден Құрама Штаттардың діни қайраткер Гүленге тағылған айыптардың қаншалықты дұрыстығын бағалау үшін Түркиямен әріптестік орнататынын мәлімдеген.


Анкара АҚШ-та тұратын Гүленді биыл шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Бұл айыптардың барлығын жоққа шығарған Гүлен кінәсін тәуелсіз сот дәлелдеген жағдайда ғана елге оралуға дайын екенін мәлімдеді.